Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
8 (727) 308 15 70
8 (702) 518 38 19
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Ерке-Нұр» бөбекжай - балабақшасы»
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің КМҚК

 Кіріспе

Алматы облысы Қарасай ауданы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Ерке-Нұр» бөбекжай - балабақшасы" Алматы облысы Білім басқармасы.

Мекен - жайы бойынша орналасқан: Алматы облысы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Макашева көшесі 121А.

Тізім бойынша: 320 бала санын құрайды.

Қабылдау: Аудандық білім бөлімінің жолдамасының негізінде жүргізіледі.

Балабақшада оқу - тәрбие жұмысы екі (қазақ,орыс) тілде жүргізіледі.

Балалар үшін музыка залы, дене тәрбие залы, дәрігерлік бөлме, асхана, кір жуатын бөлме жыл бойы қызмет көрсетеді. Балабақша ауласында әр топқа арналған ойын алаңы бар. Арнайы спорталаңы бар. Сондай - ақ тәрбиешілер мен балалар көмегімен отырғызылған бау-бақша, гүлзарларда бар. Балалар еңбек етіп, бақылау жасайды.

Білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында мекемеде төмендегі заттық-дамытушы орталықтар ұйымдастырылып,тиісті түрде жабдықталды

  1. Ұлттық құндылықтар орталығы «Құрт» жобасы
  2. Асық орталығы
  3. Жасыл аймақ
  4. Робототехника
  5. Зертхана орталығы
  6. Құм теропиясы
  7. Шахмат орталығы
  8. Тігін орталығы
  9. Иохо куб. Карпичики
  10. Шығармашылық

Заттық-дамытушы ортаны тиімді пайдалану арқылы балалардың қатысуымен бірқатар жобалар іске асырылды.

 

Біздің топтар

МКҚК «Ерке-Нұр» бөбекжай-балабақша" жас ерекшеліктеріне қарай 16 топ бар. Қазақ тілінде-11 топ, орыс тілінде-5 топ жұмыс жасайды.

Балабақшамыз балаларды 3 жастан 6 жасқа дейін қабылдайды.

 

1.Ортаңғы топ «Аяулым» - (3 жастан бастап), (қазақ тілінде)

2Ортаңғы топ «Болашақ» - (3 жастан бастап), (қазақ тілінде)

3Ортаңғы топ «Айсұлу» - (3 жастан бастап), (қазақ тілінде)

4Ортаңғы топ «Үміт» (3 жастан бастап),(орыс тілінде)

5Ересек топ «Бүлдіршін» - (4 жастан бастап), (қазақ тілінде)

6.Ересек топ «Мақтаныш» - (4 жастан бастап), (қазақ тілінде)

7.Ересек топ «Жұлдыз» - (4 жастан бастап), (қазақ тілінде)

8.Ересек топ «Ботақан»- (4 жастан бастап), (қазақ тілінде)

9.Ересек топ «Солнышко» - (4 жастан бастап), (қазақ тілінде)

 10.Ересек топ «Пчелки» - (4 жастан бастап), (орыс тілінде)

11.Мектепалды топ «Арман» (5 жастан бастап), (қазақ тілінде)

12.Мектепалды топ «Бөбектер» (5 жастан бастап), (қазақ тілінде)

13.Мектепалды топ «Сұңқар» (5 жастан бастап), (қазақ тілінде)

14.Мектепалды топ «Құлыншақ» (5 жастан бастап), (қазақ тілінде)

15.Мектепалды топ "Балдаурен" (5 жастан бастап), (орыс тілінде)

16.Мектепалды топ "Бәйтерек" (5 жастан бастап), (орыс тілінде)

 

Балабақшамызға 3 жастан 5 жасттағы балаларды қабылдау әр жылдың 1 маусымынан бастап 31 тамыз аралығында жүргізіледі.